← Артқа қарай

VIII Азаматтық форумда «Таным» республикалық қоғамдық сыйлығы табысталды

28/11/2018
17:45
Поделиться
Отправить

Бүгін Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумда Қазақстан Азаматтық альянсының азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына баға жетпес үлес қосқан қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлеріне «Таным» республикалық қоғамдық сыйлығы табысталды.

Жеңімпаздар 16 аталым бойынша анықталды:

«Белсенді азаматтық ұстаным» аталымы – «Мама Про» әлеуметтік әлсіз әйелдерді дамыту және қолдау қоры;

«Азаматтардың пайдасы үшін серіктестік» аталымы – «Дос» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы қоғамдық бірлестігі;

«Азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы – Серікқұл Берікқожа

«Жыл дебюті» аталымы – Астана қаласының триатлон федерациясы;

«Волонтерлікті дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін» аталымы – «Парыз» Сарқан ауданының еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі;

«Балалар – біздің болашағымыз» аталымы – мектепке дейінгі балаларға арналған «Ұмай» емдік-тәрбиелік қайырымдылық мектебі мекемесі;

«Шексіз әлем» аталымы – «Солнечный мир» қоғамдық қоры;

«Инклюзивтік спорт жәнк инклюзивті білім беру» аталымы – «Үміт-Надежда» тірек қозғалысы аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамдық бірлестігі;

«Өмір үшін» аталымы – «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры;

«Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан» аталымы – Q-med корпоративті қоры

«Адам құқықтарын қорғау және көтермелеу» аталымы – Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтық құқық» ЖМ;

«Ауылдағы азаматтық бастама» аталымы – «Балатай» қоғамдық бірлестігі;

«Тиімді қоғамдық кеңес» аталымы – Өскемен қалалық қоғамдық кеңесі;

«Әртүрлі тұлғалар тең мүмкіндіктер» аталымы – «Женский луч» қоғамдық бірлестігі;

«Таза ғаламшар» аталымы – «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қоры;

«Бейбітшілік, келісім - конфессияаралық диалог негізі» аталымы – «Сунна» спорттық ойындар федерациясы.