← Артқа қарай

Коновалов мемлекеттік тапсырыс туралы: Министрлік ақшаны босқа таратпайды

28/11/2018
16:15
Поделиться
Отправить

Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум өтіп жатыр. Форум аясында министрліктер және ведомстволар өкілдерімен салалық кездесулер ұйымдастырылған. Қоғамдық даму министрлігімен салалық кездесудің секция модераторы Азаматтық альянс президенті Асылбек Қожахметов болды. Министрлік өкілі - вице-министрі Сергей Коновалов.

Кездесу бірден сұрақ-жауаппен басталды. Сұрақтардың бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру механизмі туралы болды.

«ҮЕҰ рухы біздің шенеуніктердікінен бөлек. ҮЕҰ - бұл әрқашан мақсатына сенімді энергия. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бәрін аздап қажытып болды. Енді бұлай асырау болмайды. Министрлік ешқашан бостан босқа ақша таратпайды, бұны заң аясында істеу керек. Президенттің ҮЕҰ тексеретін электронды деректер қорын жасауды тапсыруымен тағы да құттықтағым келеді. Бастысы, ҮЕҰ өз еріктерімен мәліметтерін жіберетін болады. Осылайша ашықтықты қамтамасыз ететін боламыз», - деді вице-министр.

«Біздің үкіметтік емес сектор - сұрақтар өндіруші және шешім табушы. Президент пен министрдің баяндамаларынан кейін көптеген сұрақ пайда болды. Азаматтық сектор өзін көрсете алды. Бейжай қалмайтынын көрсетті», - деді қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов.

Айта кетейік, Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум өтіп жатыр.