← Артқа қарай

Дәурен Абаев ҮЕҰ жұмыстарын БАҚ-та аз қамтылуына қатысты сынға жауап берді

28/11/2018
16:25
Поделиться
Отправить

Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумдағы салалық кездесуде ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстарының қазақстандық БАҚ-та қамтылу деңгейіне қатысты пікірін айтты.

Кездесу барысында Азаматтық альянстың Қарағанды облысындағы өкілі Гүлнар Құрбанбаева ҮЕҰ жұмысының БАҚ-та аз қамтылуы туралы мәселе көтерді.

«ҮЕҰ үшін өздерінің атқарған жұмыстарының тиісті деңгейде жариялануы өте маңызды. Ал бізде қалай? Бұл әсіресе, бірнеше ғана бұқаралық ақпарат құралдары бар облыс орталықтарына қатысты айтылған мәселе. Ақпараттандыру әдетте мемлекеттік тапсырма болған кезде жасалады, сондықтан үлкен және маңызды іс-шаралар болған кезде, егер мемлекеттік тапсырыс болмаса, БАҚ оның ішінде жекелері де бар, іс-шараларды елемей бермейді және әлеуметтік жобаларға қатыспайды. Нақты бектіліген заңнамалық нормаға сай БАҚ эфирінде мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпараттардың белгілі мөлшері бар. Дәл осылай, әлеуметтік жобалар және бастамаларды жариялауды заңды түрде бекітіп, міндеттей аламыз ба?», - деген сұрақ қойды Гүлнар Құрбанбаева.

Дәурен Абаев мұндай норманы бекітіп, міндетту БАҚ-қа, әсіресе жеке меншіктегілерге қалай әсер ететіні туралы айтты.

«Бұл қиын және тәуекелді жұмыс. Өйткені, бұл мәжбүрлеу болып саналады, әсіресе жарнамамен күн көріп отырған телеарналарға нақты нәрселерді көрсетуге міндеттейтін болсақ. Сізге мысал ретінде айтайын, әлеуметтік бастамаларға қатысты көп нәрсе жасалып жатыр және көрсетіліп жатыр. Мысалы, сіз балабақша ашсаңыз, бұл жаңалықты 500 адам көреді, ал сол балабақшада бір балаға зорлық көрсетілген болса, ол жаңалықты 100 мың адам қарайды. Бұл біз жиі кездесіп жүрген мәселе, жақсы жаңалықтар өте көп, бірақ әсіресе балаларға қатысты жағымсыз жаңалықтар барлық ақпараттық алаңды жауып тастайды да, адамдарда жағымсыз әсер қалады», - деді Дәурен Абаев.

БАҚ әлеуметтік жобалар туралы жаңалықтарды таратудағы қызығушылығын арттыру үшін ҮЕҰ жұмыстары қызықты болуы қажет.

«Мұндай әлеуметтік жобаларды көрсетуге біздің де қызығушылығымыз бар. Егер бұл қызық жоба болса, аймақтардан болса да кейстерді беріңіздер, республикалық деңгейде жариялайық. Мұндай кейстер көп, күн сайын бір нәрселер болып жатады, біреуді құтқарып жатады, біреуге көмектесіп жатады, біз бұндай жұмыстарды насихаттауға дайынбыз. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылу себебі де сол, жетістіктерді көрсету. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілерді де кеңінен пайдалану қажет, бұл бағытта да қарастыруға және ойлануға дайынбыз», - деді Дәурен Абаев.